1 желтоқсандағы жағдай бойынша елде 96 жаңа мектеп ашылды

1 Желтоқсан 2023, 12:05
411
Бөлісу:
1 желтоқсандағы жағдай бойынша елде 96 жаңа мектеп ашылды
Фото: Оқу ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрлігі үш ауысымды, апатты мектептердің мәселелерін жүйелі шешу үшін жаңа оқушы орындарын енгізу бойынша жұмыстарды жоспарлы түрде жүргізуде. Бүгінде өңірлерде 88 мың оқушыға арналған 96 жаңа мектеп ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы  Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдейді.

Жалпы, осы жылдың аяғына дейін түрлі қаржы көздері есебінен 132 мың оқушы орынға арналған 154 мектепті, оның ішінде Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 76 738 орындық 62 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда.

Бұл 12 апатты және 29 үш ауысымды мектептің мәселесін, 113 елді мекендегі оқушы орындарының тапшылығын шешеді.

Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асуда. Биыл 217 мектептің құрылысы басталды, олар 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.

Ұлттық жоба ең алдымен қалалар мен келешегі бар елді мекендерде жаңа үлгідегі мектептерді салуға, оқушылар мен педагогтерге жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, білім беру қызметінің сапасын арттыруға бағытталған.

Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде 740 мың оқушыға арналған 369 жайлы мектеп салу жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы