Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық аренада ойып тұрып орын алуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өлшеусіз үлес қосты, қосып та келеді. Оның экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалары халықаралық сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды. Бүкіл әлем Қазақ елін танып, оның бастамаларына қолдау көрсетті. Мемлекеттік мереке осымен 8-мәрте тойлануда.
Бұл күн мейрам болып елімізде 2011 жылы бекітілді. Алғашқы президент күнін атап өту Елбасының мемлекет алдындағы жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған.Бұл мейрамның аталуының негізі және алғышарты 1 желтоқсан күні болған президент сайлауына байланысты. Алғашқы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш мемлекет басшысы атанды. Ол жылы Нұрсұлтан Әбішұлы 88,2% дауыс берушілердің 98,7% дауысына ие болған еді.
Елордада Тұңғыш президент күні қалай тойланады?
Музейде 1-5 желтоқсан аралығында "Елбасы – Ел мақтанышы" көрмесі өтеді. Сағат 15.00-де "Nomad City Hall" залында "Елбасы жолы" киноэпопеясының "От-өзен" көркем фильмінің көрсетілімі өтеді.
Сағат 18.00-де "Наз" мемлекеттік театрының "Мәңгілік елдің бағыттары, Елбасы бастаған нұрлы жол" атты концерті өтеді.
Сонымен қатар, осы күні қаланың барлық мектептерінде "Тәуелсіздіктің нұры - Тұңғыш президент" атты бірыңғай ашық сабақ өткізіледі.
1 желтоқсанда елорданың мәдениет мекемелері қала тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік бағдарлама дайындады.
Қуыршақ театры "Арыстан патша" мюзиклін көруге шақырады. Бұл күні бірден үш қойылым көрсетіледі – сағат 12:00, 14:00 және 16:00-де. Елордалық циркте сағат 16:00-де цирк әртістері мен Contrast би ұжымының қатысуымен дивертисментке қонақ ұсынылады. Бір сағаттан кейін "Жастар" сарайына барып, "День ангела" атты қайырымдылық қойылымын тамашалауға болады.
Осы уақытта "Астана" концерт залында "Тарих толқынында" атты концерт өтеді. Сағат 18:30-да "Nomad City Hall" театры "Қош, махаббат" мелодрамасының көрсетілімін ұйымдастырса, ал Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры "Шәмші" спектаклін қояды. 2 желтоқсан күні "Жастар" сарайында мереке құрметіне "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында елордалық аула клубтарының "Таланттар шеруі" фестивалі өтеді.
Осы күні "Астана-Бәйтерек" монументінде аудиодескриптері бар аудиодескриптері немесе көру бойынша мүгедектерді қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көрнекі ақпараттардың тілдік сипаттамасы бар аудиогидтер таныстырылады.
Сонымен қатар, бір ай ішінде Нұр-Сұлтанда Қазақстанның дамуындағы Тұңғыш президенттің рөлі тақырыбына арналған түрлі көрмелер жұмысы өтеді. Осылайша, Тәуелсіздік сарайында 30 қараша мен 30 желтоқсан аралығында "Елбасы арманы – асқақ Нұр-Султан" атты фотокөрмені тамашалауға болады. 2019 жылдың желтоқсан айында №5 бұқаралық кітапханада "Елін сүйген, ел сүйген Елбасы" атты көрме-панорама, мамандандырылған кітапханада – "Елбасы және оның саяси тұлғасы" фотокөрмесі, №15 бұқаралық кітапханада – "Елбасы" виртуалды көрмесі, ОКЖ кітапханаларында – "Елбасы елімнің тірегі"; "Нұрсұлтан Назарбаев-человек, политик, лидер!"; "Менің тұңғыш Президентім"; "Еліміздің ертеңін ойлаған көшбасшы", "Елің танытқан – Елбасы" атты кітап көрмелері топтамасы өтеді.
Сонымен қатар, №3 балалар кітапханасында "Дара тұлға-дана тұлға" атты жеке көрме ұйымдастырылады. №2 балалар кітапханасының ұжымы "Елбасы - біздің мақтанышымыз" атты әңгіме - шолу, №10 бұқаралық кітапхана ҚР Тұңғыш президентінің мұражайына экскурсия ұйымдастырылса, №3 бұқаралық кітапхана "Кемел елдің кемеңгер басшысы" саяси портреті атты шара өткізіледі.
ҚР Тұңғыш президенті күнін мерекелеу аясында көпбалалы, аз қамтылған және толық емес отбасылардың балаларына, ерекше қажеттіліктері бар балаларға, спорт секциялары мен аула клубтарының тәрбиеленушілеріне ірі спорттық және мәдени іс-шараларға тегін бару үшін билеттер беріледі.