1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

1 Желтоқсан 2019, 09:25
3147
Бөлісу:
1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан территориясының басым бөлігі әлі де тұрақтанатын антициклонның әсерінде болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Қазақстан территориясының басым бөлігі әлі де тұрақтанатын антициклонның әсерінде болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. 

Тек батыс және оңтүстік-батыс аймақтарында фронтальді бөліктердің өтуімен байланысты, тұрақсыз ауа-райы болады, кей жерлерде жауын-шашын – жаңбыр, қар жауады. 

Республиканың кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын бақыланады, жел күшейеді. Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Атырау облыстарының кей жерлерінде – тұман бақыланады, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Алматы облысының түнде кей жерлерінде тұман күтіледі, Алакөл көліның аумақтарында жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Актөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Маңғыстау, Солтүстік-Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының, түнде Павлодар, Ақмола, күндіз Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. 


Өзгелердің жаңалығы