1 қыркүйек алдында бала иммунитетін қалай көтеруге болады?

20 Тамыз 2020, 16:11
1372
Бөлісу:
1 қыркүйек алдында бала иммунитетін қалай көтеруге болады?

Алматы, BAQ.KZ. Мектеп - бұл физикалық және психологиялық тұрғыдан бала үшін ауыр жүктеме.

Мектептегі балалар үнемі өзара байланыста болады, осылайша бір-біріне түрлі ауруларды жұқтыруы әбден мүмкін. Иммунитет оларды жеңуге көмектеседі, бірақ барлық балаларда ол ауруларға қарсы тұру үшін жеткілікті дамымаған болуы мүмкін

ДҰРЫС ҰЙҚЫ

Көптеген бала ерте ұйықтауды ұнатпайды, ұзақ серуендеуді немесе компьютерде ойнауды жөн көреді. Бірақ осыған қарамастан, таңертең мектепке баруды ысырып қоюға болмайды. Осыдан барып көп баланың ұйқысы бұзылады, ұйқысы қанбайды. Ал бұл өз кезегінде иммунитеттің нығаюына да, оқу қабілетіне де теріс әсер етеді. Мектеп жасындағы бала шамамен 8 сағат ұйықтауы керек. 

ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ

Дұрыс тамақтану кез-келген жаста пайдалы, бірақ бала үшін бұл өте маңызды. Балалардың диетасы теңдестірілген болуы керек, зиянды, бірақ дәмді тағамдардың мөлшері аз болғаны дұрыс. Жаңа піскен көкөністер мен жемістерді көбірек тұтыну, ал ет өнімдерін қуыруға емес, бумен пісіруге кеңес береміз.

ВИТАМИНДІК КЕШЕН

Витаминдік кешендерді қабылдау да маңызды. Себебі күз - бұл жылдың ең қауіпті уақыты. Иммунитеттің төмендеуінің негізгі себептерінің бірі - ағзада дәрумендердің  жетіспеуі. Оларды тамақтан алуға болады. Қыста тұтынылатын көкөністердің саны күрт төмендейді, бұл ағзаға дәрумендердің түсуін азайтады. Мұндай олқылықтың орнын толтыруға әртүрлі витаминдік кешендер көмектеседі.

ПСИХИКАЛЫҚ ЖҮКТЕМЕНІ АЗАЙТУ

Психикадағы кез-келген жүктеме денсаулыққа әсер етеді. Балалар үшін бұл әсіресе өзекті. Көбінесе денсаулыққа қатысты проблемалар маңызды іс-шаралар алдында пайда болуы мүмкін. Сондықтан балаңызды не мазалайтынын сұраңыз және оның проблемаларын мұқият тыңдауға тырысыңыз.

ТАЗА АУАДАҒЫ СЕРУЕН

Таза ауада жиі серуендеуге кеңес береміз, өйткені бала денсаулығы үшін табиғатта серуендеудің пайдасы зор. Үйде, мектепте және басқа да сыныптан тыс жұмыстарды орындау үшін үнемі жабық үй-жайда болу балаға жеткілікті таза ауада серуендеуге шектеу болады. Адамдар лық толған бөлмелерде ауада көптеген патогендік бактерия жиналады. Сондай-ақ, ұйықтар алдында бөлмені желдетуді ұмытпаңыз. 

ТАЗА СУ

Мектеп жасындағы балаға күніне жеткілікті мөлшерде 1,5-2 литр таза су қажет. Пайдалы деп саналатын әртүрлі сусындар дененің суға деген қажеттілігін жаба алмайды. Сондықтан су таза, газдалмаған, қантсыз болуы керек. Таңғы ас алдында және кешке ұйықтар алдында бір стақан су ішу өте маңызды.

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ

Денені шынықтыру, контрастілі душ баланың денесін шынықтырады. Су процедураларын да мерзімімен орындаған бала ағзасына оң әсер етітінін ұмытпаңыз. Балаңыздың дені сау болсын!

Өзгелердің жаңалығы