1 трлн теңгеге жуық актив мемлекетке қайтарылды – Үкімет басшысы

23 Қараша 2023, 14:11
496
Бөлісу:
1 трлн теңгеге жуық актив мемлекетке қайтарылды – Үкімет басшысы
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Қазақстанға 1 трлн теңгеге жуық актив қайтарылды. Премьер-министр Әлихан Смайылов сенат кулуарында осылай деді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол активтерді қайтару жұмыстары қабылданған заңға сәйкес қатаң түрде іске асырылатынын айтты.

Бұл қадамдар президент жүргізіп жатқан реформалар аясында жалғасып жатыр. Активтерді қайтарудың екі жол бар – ерікті және мәжбүрлі. Мәжбүрлі қайтару сот шешімдеріне сәйкес қатаң түрде іске асырылады. Осы заңның қолданылуы аясына қамтылатын адамдарға тоқталса, бұл адамдар әкімшілік ресурстарды пайдаланып, активтерді заңсыз иемденгендер, - деді Смайылов Сенат кулуарында.

Үкімет басшысы 1 трлн теңгеден аса активтер қайтарылғанын атап өтьі. Оның 600 млн теңгеге жуығы шетелден әкелінген.

Өзгелердің жаңалығы