1 тамызда 12 облыста аптап ыстық болады – "Қазгидромет"

Бүгiн, 00:22
147
Бөлісу:
1 тамызда 12 облыста аптап ыстық болады – "Қазгидромет"
Фото: архив

"Қазгидромет" мемлекеттік метеорологиялық қызметі 2024 жылдың 1 тамыз, бейсенбі күні Қазақстан аумағы бойынша ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстігінде, шығысында және орталығында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша ортақ тән табиғи құбылыс: желдің екпін алуы. Еліміздің солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Күндіз Алматы, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Жамбыл, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Қостанай, Абай облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында қатты ыстық болады, - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болатыны хабарланады.

Маңғыстау, Қызылорда Түркістан облыстарында, Атырау өңірінің оңтүстігінде, Қостанайд облысының оңтүстігінде, Алматы, Ұлытау облыстарының батысында, Жетісу облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Абай облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады, - деп хабарлайды "Қазгидромет".

Өзгелердің жаңалығы