1-сынып оқушылары қалай оқиды?

26 Тамыз 2022, 12:03
2169
Бөлісу:
1-сынып оқушылары қалай оқиды?
Фото: Zakon.kz

Қазақстанда бірінші сыныптарда оқу сабақтары «сатылы» режимде болады. Қыркүйек айында сабақ ұзақтығы 35 минут болады, деп хабарлайды, BAQ.KZ.

Қыркүйек айында – 35 минуттан үш сабақ, қазан айынан бастап - 45 минуттан. Сабақта  көзге арналған жаттығулар жасалады, - деді Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұрын бірінші сынып оқушыларында  сабақ  40 минуттан болатын.

Сондай-ақ, бірінші сыныпта Көркем еңбек екі пәнге бөлінеді: Еңбекке баулу  және Бейнелеу өнері.

1-сынып оқушылары үшін оқу жылының ұзақтығы - 35 апта.

1-сыныпта оқушыларды бағалау жүргізілмейді.

Өзгелердің жаңалығы