1 шақырым автожолды жөндеуге қанша қаржы кетеді?

17 Қазан 2022, 11:08
2004
Бөлісу:
1 шақырым автожолды жөндеуге қанша қаржы кетеді?

Бұл туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

1 шақырым автожолды реконструкциялау құны: бірінші санат 4 жолақ және одан көп – 600 млн теңгеден бастап, екінші санат 2 жолақ – 400 млн. теңгеден бастап, үшінші санат 2 жолақ – 250 млн. теңгеден бастап. EPCM келісімшарттары шетелдерде өзін айқын дәлелдеді. EPCM келісімшартының қағидасына сәйкес, бір орындаушы жобаның толық өмірлік циклін жобалау кезеңінен бастап 10 жыл бойы осы бөлімді одан әрі күтіп ұстауға дейін жүзеге асырады, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Айтуынша, EPCM келісімшартының негізгі артықшылығы – бағаның техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттамаға байланбай, үлкейтілген бағалар бойынша айқындалуы.

Сондай-ақ EPCM келісімшартының мердігері жобаның қымбаттау тәуекелдерін, орындалған жұмыстардың тиісті сапасы, жобаны уақытылы іске асыру, одан әрі күтіп-ұстау бойынша міндеттемелерді өзіне алады. Ал 10 жыл ішінде жолды күтіп-ұстаумен реконструкциялаудан кейін орындаушының өзі тікелей айналысатын болады. Бұдан басқа, барлық жаңа келісімшарттарда «FIDIC» халықаралық ережелерінің талаптарын енгізу мәселесі пысықталуда. Бұл қымбаттаған жағдайда негізгі жол-құрылыс материалдарының құнын түзетуді қолдануға мүмкіндік береді. Тұтастай алғанда, ұсынылып отырған түзетулер жобалық шешімдер мен іздестіру жұмыстарын дұрыс қабылдау үшін ғылыми тәсілді қолдана отырып, нормативтік базаны жетілдіруді және жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың электрондық базасын қалыптастыруды көздейді, - деді Қайырбек Өскенбаев. 

Өзгелердің жаңалығы