1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді

Биыл сәуір «ұзақ демалыссыз» өтеді. Ай ішінде мемлекеттік мерекелер жоқ, сондықтан демалыс тек сенбі және жексенбі күндеріне сәйкес келеді.

 Жасанды интеллект Бүгiн 2026, 10:45
Бүгiн 2026, 10:45
350
Фото: Жасанды интеллект

Елімізде 1 сәуірден бастап бірқатар өзгерістер күшіне енеді. BAQ.KZ тілшісі негізгі жаңалықтарға шолу жасады.

Сәуірде неше күн демаламыз?

Сәуір айында бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтін қазақстандықтар 8 күн демалады.

Биыл сәуір «ұзақ демалыссыз» өтеді. Ай ішінде мемлекеттік мерекелер жоқ, сондықтан демалыс тек сенбі және жексенбі күндеріне сәйкес келеді.

Жұмыс кестесіне байланысты:

  • бес күндік жұмыс аптасында – 8 демалыс күні, 22 жұмыс күні;
  • алты күндік жұмыс аптасында – 4 демалыс күні, 26 жұмыс күні.

Сәуір айындағы атаулы күндер

Сәуірде қазақстандықтар бірқатар кәсіби және халықаралық даталарды атап өтеді:

  • 5 сәуір – Қазақстанның көші-қон қызметі күні;
  • 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні және Мемлекеттік қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің күні;
  • сәуірдің бірінші жексенбісі – Геологтар күні;
  • 12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күні, сондай-ақ Авиация және ғарышкерлер күні;
  • 15 сәуір – Ғашықтар күні («Қозы Көрпеш – Баян сұлу»);
  • 16 сәуір – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің күні;
  • 21 сәуір – Мемлекеттік күзет қызметі күні;
  • 22 сәуір – Халықаралық Жер күні;
  • 23 сәуір – Ұлттық кітап күні.

Көлік салығын төлеу мерзімі аяқталады

2025 жылға арналған көлік салығын төлеудің соңғы мерзімі – 1 сәуір. Осы күннен кейін айыппұлдар есептеле бастайды.

Салық мөлшері көліктің қозғалтқыш көлеміне байланысты есептеледі және 2025 жылғы айлық есептік көрсеткішке (3692 теңге) негізделеді. Төлем сомасын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтындағы онлайн-калькулятор арқылы тексеруге болады.

Айта кетейік, 2026 жылдан бастап 10-20 жылдық көліктерге 0,7, ал 20 жылдан асқан көліктерге 0,5 төмендету коэффициенті қолданылады. Бұл өзгеріс 2027 жылы төленетін салыққа қатысты болады.

Салық рақымшылығы аяқталады

Кәсіпкерлер үшін салықтық рақымшылық мерзімі де 1 сәуірде аяқталады. Осы уақытқа дейін негізгі қарызды өтеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдар кешіріледі. Мерзім өткен соң толық сома өндіріп алынады.

Ескі салық есептіліктері тоқтатылады

26 наурыздан бастап СЕӨС жүйесінде бірқатар декларациялар қабылданбайды. Олардың қатарында жеке табыс салығы, ҚҚС, акциз және жеңілдетілген декларациялар бар.

2 сәуірден бастап тағы да бірқатар нысандар (220.00, 700.00) қабылдаудан алынады. Сондықтан жаңа жүйеге көшу қажет.

Несие алу қиындайды

Жаңа талаптарға сәйкес банктер бөлшек несиелер бойынша тәуекелдерді қатаң бағалай бастайды. Әсіресе төлем мерзімін кешіктірген немесе қарыз жүктемесі жоғары клиенттерге талап күшейеді.

Сондай-ақ микроқаржы ұйымдары үшін шекті мөлшерлеме жылдық 40%-ға дейін төмендетіледі. Бұл кейбір микронесиелердің тиімсіз болуына әкелуі мүмкін.

Бұдан бөлек, сәуір айында ең төменгі резервтік талаптарды арттырудың екінші кезеңі басталады.

Жанармай мен коммуналдық тарифтер өсуі мүмкін

1 сәуірден бастап жанармай мен коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне қойылған мораторий аяқталады.

Бұл шектеу 2025 жылдың қазан айынан бастап енгізілген болатын. Ол бензиннің (АИ-92), дизель отынының және коммуналдық қызметтердің бағасының күрт қымбаттап кетуіне жол бермеу мақсатында қабылданған еді.

Үкімет 2026 жылдың екінші тоқсанынан бастап тарифтердің өзгеруі теңгерімді болады деп күтуде.

Балалар лагерьлеріне лицензия талап етіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Бұл талап 2025 жылғы 26 желтоқсанда қабылданған заң аясында енгізілді. Лицензия 5 жыл мерзімге беріледі.

Сонымен қатар лагерьлерге қойылатын талаптар күшейтіледі: білім беру бағдарламаларына, педагогтердің біліктілігіне, қауіпсіздікке, медициналық қызметке және санитарлық жағдайларға қатысты жаңа нормалар енгізіледі.

Мобильді аударымдар бақылауға алынады

Банктер 2026 жылдың бірінші тоқсаны бойынша мобильді аударымдар туралы мәліметтерді 15 сәуірге дейін салық органдарына тапсырады.

Бақылауға барлық аударымдар емес, тек мына шарттар орындалған жағдайда ғана ілігеді:

  • 100 және одан да көп адамнан ақша түсуі;
  • аударымдардың үш ай қатарынан жүргізілуі;
  • жалпы соманың 1 020 000 теңгеден асуы.

Бұл шоттардың бірден бұғатталатынын білдірмейді. Тек түсіндірме талап етілуі мүмкін.

Мемлекеттік қызметке қабылдау өзгереді

1 сәуірден бастап мемлекеттік қызметке қабылдау толық цифрлық форматқа көшіріледі. Конкурс мерзімі 5-7 жұмыс күніне дейін қысқарады.

Іріктеудің жаңа жүйесінде эссе, сұхбат, практикалық тапсырмалар және психометриялық тестілеу енгізіледі.

Жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады

2026 жылдың сәуірінен бастап қазақстандықтар жүргізуші куәлігін мерзімі өтіп кеткен жағдайда да онлайн түрде ауыстыра алады.

Қызмет eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасы арқылы қолжетімді болады.

Мерзімі өткен куәлікті ауыстыру үшін медициналық тексеруден өту қажет. Қызмет көрсету уақыты - 60 минут.

Кейбір тауарларға ең төменгі баға енгізіледі

2026 жылдың 1 сәуірі мен 30 маусымы аралығында бірқатар тауарларға ең төменгі баға деңгейі белгіленді.

Тізімге 28 түрлі өнім кіреді. Олардың қатарында сүзбе, ірімшік, жұмыртқа, картоп, қырыққабат, сәбіз, алма, ұн, күнбағыс майы, шұжық өнімдері және макарон бар.

Сонымен қатар елде өндірілмейтін банан, апельсин, мандарин, құрма сияқты өнімдерге де шекті бағалар белгіленді.

Минималды баға деңгейі әр тоқсан сайын қайта қаралып отырады. Бұл маусымдық және нарықтағы баға өзгерістеріне байланысты жүргізіледі.

Наверх