1 сағатта 23 рет бетімізді ұстаймыз. Қолды дұрыс жуып жүрміз бе

16 Қазан 2023, 19:06
598
Бөлісу:
1 сағатта 23 рет бетімізді ұстаймыз. Қолды дұрыс жуып жүрміз бе
Фото: ДСМ

Жыл сайын қазан айының ортасында бүкіл әлемде 2008 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы ЮНИСЕФ Балалар қорымен және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп бекіткен «Дүниежүзілік таза қол күні» (Global Handwashing Day) атап өтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл күн қол жуудың денсаулыққа әсері туралы халықтың хабардарлық деңгейін арттыруға арналған. Дүниежүзілік таза қол күні жеке гигиена негіздеріне арналған. Оның басты мақсаты – қолды жууды үйде де, одан тыс жерде де әдеттегі әрекетке айналдыру.

Адам түшкіргенде немесе жөтелгенде, аузын алақанымен жауып, содан кейін қоғамдық көліктегі есік тұтқасына немесе ұстағышқа тигенде, вирустар мен бактериялар оның қолында қалады. Мұның өзі қауіп төндірмейді. Мәселе мынада, біз ойланбай орташа есеппен сағатына 23 рет бетімізге қол тигіземіз, бұл күні бойы жүз рет қол тигізуді білдіреді.

Әрбір осындай байланыста біз ауыздың, мұрынның және көздің шырышты қабаттары арқылы инфекцияны жұқтыру қаупіне ұшыраймыз. Қолды үнемі жуу бұл қауіпті айтарлықтай төмендетеді.

Құрамында алкоголь бар антисептиктер, майлықтар, гельдер және басқа дезинфекциялық құралдар пайдалы болуы мүмкін, бірақ қарапайым сабынмен ештеңені салыстыруға келмейді. Сабын мен судың үйлесімі инфекциялық ауруларға қарсы ең күшті қарудың бірі болып қала береді. Сондықтан ДДҰ қолды жуу мүмкін болмаса, антисептикті сабынға балама ретінде ғана қолдануды ұсынады.

Ең бастысы - қолды дұрыс жуу: мұны кем дегенде 20 секунд жасау ұсынылады. Алақанның артқы жағына, сондай-ақ саусақтардың арасындағы теріге назар аудару керек. Тырнақтар туралы ұмытпаңыз — олардың астында үнемі кір, тамақ қалдықтары және басқа заттар жиналады, бұл патологиялық микроорганизмдердің көбеюіне тамаша жағдай жасайды.

Қолды тамақ пісірер алдында және дастархан жаймас бұрын жуу керек. Тамақтанар алдында, сондай-ақ көшеден келгенде немесе қоқысты шығарғанда. Дәретханаға барғаннан кейін, жараны емдеуден бұрын және кейін, үй жануарларымен ойнағаннан кейін және т.б. бұл диарея ауруларының деңгейін 40 пайыздан, ал респираторлық инфекциялардың деңгейін 25 пайызға төмендетеді.

Таза қолдар - бұл вирустарға, бактерияларға және басқа микроорганизмдерге, әсіресе ЖРВИ, тұмау маусымына қарсы алғашқы қорғаныс желісі.

Таза қолдар – саламатты өмір салтының негіздерінің бірі екені есіңізде болсын.

Өзгелердің жаңалығы