1 сәуірге дейін тұрғындар МӘМС жүйесіне тіркелуі тиіс – Олжас Әбішев

6 Қаңтар 2020, 14:50
4486
Бөлісу:
1 сәуірге дейін тұрғындар МӘМС жүйесіне тіркелуі тиіс – Олжас Әбішев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін елдің барлық тұрғындары шартты түрде сақтандырылған болып саналады. Олар ТМККК пакеті мен МӘМС пакетіне кіретін медициналық қызметтерді тегін ала алады.


Алайда, азаматтар ол үшін не істеу керек? Бұл сұраққа Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев жауап берді. 
1 сәуірге дейін азаматтар өздерінің сақтандыру мәртебесін анықтап, міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушы болуы керек, - деді ол.

Министрлік өкілі 2020 жылы Қордың алдында бірқатар міндеттер тұрғанын да тілге тиек етті. 

Медициналық қызметтерді сатып алу электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, сандық форматта Қаржы министрлігінің Электрондық қаржы орталығының веб-порталы арқылы жүзеге асырылған. 

Спикердің сөзіне сүйенсек, бұл – ашықтықты арттыруға, сыбайлас жемқорлықты және әкімшілік кедергілерді азайтуға мүмкіндік береді.

Жұмыстың маңызды бөлігі МӘМС жүйесі аясында тұрғындармен кері байланысты қалыптастыру болып табылады.
ТМККК мен МӘМС бойынша, төлем әдістері және қарыздың болуы туралы халыққа кеңестер беру үшін кері байланыс арналары құрылды: 1406 бірыңғай байланыс орталығы құрылды, Қордың аймақтық филиалдарында азаматтарды қабылдау пункттері ұйымдастырылды. Қор мамандары медициналық қызметтердің сапасын бақылау және тексеру бойынша жұмыс өткізуде. Медициналық қызметтерге халықтың қанағаттанушылығын бағалау үшін мобильді қосымша жасалды, - деді министрдің орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы