1 қыркүйекте Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

25 Тамыз 2022, 12:46
1325
Бөлісу:
1 қыркүйекте Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс төрағасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды. 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын, – деп жазылған Өкім мәтінінде.  

Өзгелердің жаңалығы