1 қаңтардан бастап балалардың төлқұжаты екі есе арзандайды

22 Желтоқсан 2023, 20:45
710
Бөлісу:
1 қаңтардан бастап балалардың төлқұжаты екі есе арзандайды
Фото: Мәди Ысқақов

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда балалардың төлқұжаты екі есе арзандайды. Бұл халықтың көші-қон саласындағы заңнаманы жетілдіруге байланысты қабылданған нормалар негізінде өзгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қабылданған нормалар кәмелетке толмаған балаларға берілетін паспорттар үшін мемлекеттік баж салығын 8 АЕК-тен 4 АЕК-ке дейін төмендетуді, паспортты беру үшін оның беттерінің санына қарай, яғни мемлекеттік баж ставкаларын енгізуді көздейді. 16 жасқа дейінгі балаларға – 4 АЕК, 36 беттен тұратын төлқұжаттар – 8 АЕК, 48 беттік төлқұжаттар – 12 АЕК болады, - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ құжат бастапқы жоғалған күннен бастап бір жыл ішінде жоғалған құжатты қалпына келтіруге екі және одан да көп рет жүгінген кезде жеке куәліктерді бергені үшін мемлекеттік баж салығы 0,2 АЕК-тен 1 АЕК-ке дейін ұлғайтылады.

Бұрынғыдай жеке куәліктерді бірінші рет алған кезде құны 0,2 АЕК құрайды. Қабылданған нормалар 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Еске салайық, 2020 жылдан бастап он алты жасқа дейінгі балалардың фотосуреттерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу кезінде ата-аналарының паспорттарына жазу және жапсыру алынып тасталды. Осыған байланысты балаларға шетелге шығу кезінде жеке паспортты ресімдеу талап етіледі.

«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» заңға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматының паспорты 10 жыл қолданылу мерзіміне беріледі.

Балаларға арналған төлқұжаттар халықаралық тәжірибені және балалардың тез өзгеретін келбетін ескере отырып, 12 жасқа дейінгі балаларға арналған төлқұжаттың жарамдылық мерзімі − 5 жылға дейін. 12 жастан асқандарға 16 жасқа дейін беріледі. Одан әрі төлқұжат пен жеке куәліктің жарамдылығы әдеттегідей 10 жыл болып қала береді.

Өзгелердің жаңалығы