Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
ІІМ ресми өкілінің айтуынша, "адыраспанды" апарғандарға 1 миллион рубльге дейін айыппұл немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Биыл ақпан айынан бастап Ресей Федерациясында гармала деген өсімдік, яғни жалпақ тілмен айтқанда "адыраспан" тыйым салынған өсімдіктер қатарына енгізілді. Оны сол елге апарғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. 1 миллион рубльге дейін айыппұл немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Ал аса ірі мөлшерде апарғаны үшін жаза 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Сондықтан Ішкі істер министрлігі шетелге шығуды жоспарлап отырған Қазақстан азаматтарына баратын елдің заңын біліп жүруді ұсынады, – дейді Шыңғыс Алекешев.
Оқи отырыңыз: