1 млн 100 мың бала атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылды – Сапарбаев

25 Желтоқсан 2019, 12:28
3594
Бөлісу:
1 млн 100 мың бала атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылды – Сапарбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан үкіметі әлеуметтік сала бойынша берген тапсырмаларын қалай орындап жатқанын айтты.

Барлық өңірде көптеген елдімекенді аралап қайттық. Сондағы мақсатымыз - қазақстандықтардың тұрмысын жақсарту үшін елдің жүргізіп жатқан саясатын, мемлекетттк бағдарламаларын түсіндіріп айту болды. Қазақстандықтарды ең бірінші әлеуметтік, еңбек, денсаулық сақтау, білім саласындағы мәселелер толғандырады. Барлық көтерілген сұрақтарға толық ауызша, жазбаша жауап бердік. Қосымша 70 астам ұсыныс түсті, - деді Үкімет басшысының орынбасары. 

Ол Елбасының, мемлекет басшысының негізгі тапсырмасы қазақстандықтардың табысын көбейту екенін атап өтті. 

1 қаңтардан бастап төменгі жалақы 42 500 теңге болып белгіленді. Қазір мұны 1 млн 300 мыңға жуық азамат пайдаланады. Одан бөлек, азаматтық және мемлекеттік қызметте істейтін 1,5 млн азаматтың жалақысы көтерілді. Елбасының тапсырмасымен шаруашылықтарда, кәсіпорындарда жұмыс істейтін төмен жалақы алатын азаматтардың жалақысын көбейту бойынша 1 млн 200 мың қазақстандықтың жалақысы өсті. Қарыз жүктемесін азайту бойынша 565 мың қазақстандық қамтылды. Бұл үшін бюджеттен 115 млрд теңге бөлінді. Айыппұлдар мен өсімпұлдарды шегеру бойынша 1 млн 200 адам қамтылып, 33,6 млрд теңге жұмсалды. Ел басшысының тапсырмасымен бюджеттен қаржы қаралды. Алдағы уақытта білім, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысын арттыруды көздейміз, - деді Сапарбаев. 

Премьер-министрдің орынбасары жыл сайын зейнетақы мөлшері 5%-ға, инфляция есебімен 7%-ға, ал әртүрлі жәрдемақы 5%-ға көтерілетінін атап өтті. 

Атаулы әлеуметтік көмекпен 1 млн 600 мың қазақстандық қамтылды. Оның 1 млн 100 мыңы - балалар. Бюджеттен 245 млрд теңге бөлінді. Үкімет жергілікті билік органдарына қосымша көмек көрсетуді тапсырды. Нәтижесінде 2 млн 200 мың қазақстандық 128 млрд теңгеге қосымша әлеуметтік қолдау алды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы