1 миллионға жуық қазақстандыққа «Pfizer» вакцинасы салынды

3 Сәуір 2022, 08:50
1587
Бөлісу:
1 миллионға жуық қазақстандыққа «Pfizer» вакцинасы салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 сәуірдегі мәлімет бойынша елімізде 1 миллионға жуық жасөспірім, жүкті және бала емізетін ана «Pfizer» вакцинасын салдырды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Ведомствоның мәліметінше, «Pfizer» осы санаттардағы 946 677 адамға салынған.

Атап айтқанда, вакцинаның І компонентін салдырған жасөспірім – 783 795, жүкті әйел – 35 844, бала емізетін әйел – 127 038; ІІ компонентін салдырған жасөспірім – 678 576, жүкті әйел – 29 904, бала емізетін әйел – 104 892. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда «Pfizer» вакцинасын салдыра алатындар санаты кеңейтілген болатын.

Өзгелердің жаңалығы