1 маусымға арналған ауа райы болжамы қандай?

31 Мамыр 2024, 21:45
511
Бөлісу:
1 маусымға арналған ауа райы болжамы қандай?
Фото: архив

Синоптиктер 1 маусымда 15 облыста дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жетісу облысының шығысында өрт қаупі жоғары.

Күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің күндіз найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыс бойынша күн қатты ысиды: +36 С°. Облыс бойынша өрт қаупі жоғары, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз сынап бағаны 36 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Өрт қаупі жоғары.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде қатты жел тұрады деп болжанады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Өңірдің солтүстік-батысында, орталығында өрт қаупі жоғары.

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Жезқазғанда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі.

Күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман болады. Күндіз облыстың батысында солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Қарағандыда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с. Петропавлда күндіз қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, жел соғады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары.

Қызылорда облысының басым бөлігінде өрт қаупі жоғары болады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада өрт қаупі жоғары.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында сынап бағаны 35 градус ыстықты көрсетеді деп күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, өңірдің батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Орал қаласында өрт қаупі жоғары.

Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі.

Күндіз Абай облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстік-шығысында, орталығында сынап бағаны 2 градус суықты көрсетіп, үсік жүруі мүмкін.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап күн райы бұзылады деп болжанады. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында сынап бағаны 2 градус суықты көрсетеді деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Түнде Қостанай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі, қатты жел соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Қостанайда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде сынап бағаны 3 градус суықты көрсетіп, үсік жүруі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы