1 мамырдан бастап «Павлодар – Қалбатау» тас жолы ақылы болады

17 Сәуір 2021, 07:43
1790
Бөлісу:
1 мамырдан бастап «Павлодар – Қалбатау» тас жолы ақылы болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мамырдың бірінен бастап Омбы – Майқапшағай тас жолының Павлодар мен Қалбатау аралығындағы бөлігі ақылы болады. 

Бұл туралы «Қазавтожол» ұлттық компаниясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы хабарлады. 

Әзірге әрбір шақырым үшін жүк көліктері ғана ақша төлейді. Төлем жүйесі ашық болады. Яғни, жол үстінде шлагбаумдар мен арнайы адамдар тұрмайды. Жол ақысының нақты қанша болатынын әзірге белгісіз. 

Айта кетейік, енді бұл жолды күтіп-баптау жиналған қаражат есебінен жүргізіледі, яғни республикалық бюджеттен қаражат бөлінбейді. 

Төлем жасау үшін тас жолдың белгілі бір бөліктеріне бейнебақылау камералары мен арнайы қондырғылар орнатылған. Қаражат көліктердің мемлекеттік нөмірлері арқылы автоматты түрде шешіліп алынады. Яғни төлем онлайн тәртіпте жасалады деген сөз, – дейді «Қазавтожол» ҰК АҚ ШҚО филиалының жетекшісі Ерлан Қалымов.



Өзгелердің жаңалығы