1 мамырдан бастап елорда мен Алматы арасындағы әуе рейстері ашылады

27 Сәуір 2020, 12:40
1438
Бөлісу:
1 мамырдан бастап елорда мен Алматы арасындағы әуе рейстері ашылады
Президенттік қолдау

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы бүгін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне байланысты кезекті Үндеуінде айтты. 

Елімізде жолаушыларға арналған барлық әуе тасымалы тоқтады. Бұл дер кезінде қабылданған дұрыс шешім болды. Дегенмен, салыстырмалы түрде жағдайдың тұрақтанғанын ескеріп, Үкімет 1 мамырдан бастап Елорда мен Алматы арасындағы рейстерді ашатын болды. Мұндай шара азаматтармен қатар індетпен күресіп жүрген көптеген мамандардың жұмысы үшін қажет, - деді президент.
Ол сонымен қатар, барлық қауіпсіздік шараларын мұқият ойластырып, авиациялық және санитарлық қызметтердің өзара іс-қимыл тәртібін әзірлеу маңызды екенін айтты.
Карантин режимін біртіндеп жеңілдету дегеніміз өзіміз үйренген күнделікті тіршілікке қайта оралу емес екенін ұғынғанымыз жөн. Ойын-сауық және сауда орталықтары, кинотеатрлар, ресторандар, саябақтар мен адам көп жиналатын басқа да орындар әзірге жабық болады. Жоғары оқу орындары, колледждер, мектептер қашықтан оқытуды жалғастыра береді, - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы ел тұрғындарын қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауға шақырды.
Өзгелердің жаңалығы