2025 жылдың 1 мамырында Қазақстан Халықтарының Бірлігі күнін атап өтеді. Биыл бұл мереке Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осыған орай Алматы мен Астанада түрлі мәдени шаралар, концерттер, спорттық жарыстар мен көрмелер өтеді. Олардың қашан және қай жерде өтетіні жайлы мәлімдемекпіз.
Алматыда Бірлік күні қарсаңында қандай іс-шаралар өтеді?
1 мамыр күні Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған ауқымды мерекелік іс-шаралар өтеді. Олар Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналмақ. Мереке "Бірлігі жарасқан Алматы" ұранымен өтеді. Іс-шаралар таңғы 10:30-да Республика сарайының алдындағы Абай алаңында басталады.
11:00-12:15 аралығында бас сахнада еліміздің әртүрлі мәдениеттері мен этностарын таныстыратын қазақстандық әртістер мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді. Бағдарламада вокалдық және аспаптық нөмірлер, халық билері мен заманауи қойылымдар, сондай-ақ мәдениетаралық попурри ұсынылады.
Күндізгі концерттік бағдарламада өнер көрсететіндер:
• L Duo дуэті;
• пианист Темірлан Бейсенбай;
• Diamond ішекті аспаптар триосы;
• дудук орындаушысы Мейірман Абдрахманұлы;
• "Дервиши" және Made in KZ топтары;
• Ay Yola тобы, танымал "Homay" әнімен;
• Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева.
12:15 пен 16:00 аралығында этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді. Көрермендерге ұлттық билер, флешмобтар, халық әндері мен этникалық музыкалық композициялар ұсынылады.
19:00-де Абай алаңында қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен үлкен концерт өтеді. Бағдарлама хедлайнері — Айқын Төлепберген. Сондай-ақ сахнаға:
• Беркут,
• Марсель,
• Думан Марат,
• Мархаба Саби шығады.
Алаңда "Халық бірлігі объективте" атты фотокөрме де ұйымдастырылады, онда Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихынан маңызды сәттер көрсетіледі.
1 мамыр күні сағат 10:00-де Бірінші Президент саябағында 300 адамның қатысуымен Бірлік жүгіруі өтеді. Бұл шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Халықтар бірлігі күніне арналады.
Мерекелік іс-шаралар Алматының барлық 8 ауданын қамтиды: әлеуметтік жәрмеңкелер, спорттық жарыстар, абаттандыру акциялары және қайырымдылық бастамалар ұйымдастырылады.
Алматы аудандарындағы іс-шаралар:
• Әуезов ауданы: 30 сәуір, 11:00 — "Қазақстан — бірлік пен татулық мекені" атты этноконцерт, Family park саябағы.
• Алатау ауданы: 30 сәуір, 15:00 — Инновациялық шығармашылық орталығында концерт (Нұркент шағын ауданы, 14а үй).
• Алмалы ауданы: 1 мамыр, 12:00 — М. Ганди атындағы саябақта концерт.
• Бостандық ауданы: 1 мамыр, 12:00 — "Атакент" кешенінің аркасы алдында мерекелік шара.
• Жетісу ауданы: 1 мамыр, 11:00 — Айнабұлақ шағын ауданындағы Арбатта халық серуені, ойындар мен спорт жарыстары.
• Медеу ауданы: 1 мамыр, 12:00 — Орталық саябақтың жазғы сахнасында мерекелік шара.
• Наурызбай ауданы: 1 мамыр, 11:00 — Шуғыла шағын ауданындағы амфитеатрда концерт.
• Түрксіб ауданы: 1 мамыр, 11:00 — №6 оқушылар үйінің аумағында концерт (Сейфуллин даңғылы, 13/1).
Астанада Бірлік күні қарсаңында қандай іс-шаралар өтеді?
29 сәуір күні елордада Халықтар бірлігі күніне арналған бірқатар жарқын іс-шаралар өтеді.
• 29 сәуір: Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" атты зияткерлік викторина өткізеді. Бұл шара тілдер мен мәдениеттер туралы білімді тексеруге бағытталған.
• 29 сәуір: М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында "Шаттық" шығармашылық байқауының гала-концерті өтеді. Сондай-ақ, осы жерде "Бірлігіміз жарасқан" атты ретро әндер кеші ұйымдастырылады.
• №3 балалар музыка мектебінде "Менің Отаным — Қазақстан" атты концерт өтеді.
• №1 өнер мектебінде асфальтқа сурет салу байқауы.
• №57 орта мектепте 2013-2014 жылы туған ұлдар арасында дзюдодан қалалық біріншілік.
• №2 балалар музыка мектебінде "Бір аспан астында" атты концерт.
• С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде "Би өнері – ұлттық мұра" атты ұлттық би байқауы.
30 сәуірде Астанада не өтеді?
• Esil University-де "Біз — бір ұлтпыз" атты дөңгелек үстел, онда студенттер бірлік пен төзімділік туралы ой бөліседі.
• №2 өнер мектебінде "Бір шаңырақ астында" атты оқушылар көрмесі ашылады. Көрме 30 сәуірден 5 мамырға дейін жалғасады.
• 30 сәуірде қалада Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерінің қатысуымен "Достық керуені" шеруі өтеді.
1 мамырда Астанада не өтеді?
• Қалада "Бауырсақ біріктіреді" атты акция ұйымдастырылады, онда тұрғындарға бауырсақ таратылатын болады.
• М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында мерекелік концерт өтеді.
• Президенттік орталықта балалар көркемсурет мектебі тәрбиеленушілерінің сурет көрмесі ашылады.
• "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында "Бар береке — бірлікте" атты концерт өтеді.
• EXPO қалашығында 1 мамыр мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған "Бірлік жарысы" жаппай жүгіру шарасы өтеді. Сондай-ақ концерт және ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады.
• "Жастар" театрының алаңында концерттік бағдарлама өтеді, ал “Жастар” сарайында этновыставка мен шақырылған жұлдыздардың қатысуымен мерекелік концерт болады.