1 қыркүйек – Білім күні

1 Қыркүйек 2019, 08:20
12367
Бөлісу:
1 қыркүйек – Білім күні

Нұр-Сұлтан6 BAQ.KZ. Бүгін білім беру ұйымдарында жаңа 2019-2020 оқу жылының басталуына арналған дәстүрлі салтанатты линейкалар өтеді. Бұл туралы ҚР БҒМ хабарлады.

Облыс әкімдері, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың өкілдері де мектеп линейкаларына қатысады. 

Жаңа 2019-2020 оқу жылында республикада 7 мыңнан астам мемлекеттік мектептерінде 3 млн-нан астам оқушы оқуын жалғастырады.
Алғаш рет 400 мыңнан астам бірінші сынып оқушысы мектеп табалдырығын аттайды

Білім күні оқушыларды 300 мыңға жуық педагог қарсы алады. 10 мыңнан астам жас педагог кәсіби қызметке кіріседі.

Білім күні іс-шараларын өткізудің дәстүрлі және жаңа формаларын қолдану ұсынылады:

1-4 сыныптар үшін ұсынылатын шаралар:

Жаңа оқу жылына жоспарланған волонтерлік "Отанға қызмет ету", «Мен керемет топтың құрамдасымын» атты игі істердің презентациясы;

«Менің жазымымның бір күні» суреттерінің, альбомдарының конкурсы;

«Туыстар арасындағы жаз» атты достар, туыстар, көршілер суреттерінің көрмесі;

«Мектеп – толық өмір» атты ата-аналардың, мектеп түлектері мен мұғалімдерің мектептегі өмірі туралы фильмдер мен бейне материалдар көрсету;

5-8 сыныптар үшін:

«Өзіме қажет - елге қажет!» іс-шарасы табысты адамдармен кездесулер және олардың өңірді (ауылды, қаланы, ауданды) дамытуға қосқан үлесі;

«Мұражайдағы білім күні» экскурсиясы (аймақтың тарихы, мәдениеті, атақты адамдары, қасиетті жерлері туралы); фотокөрме – достарымен өткізген демалыс күндерінің презентациясы;

«Лайықты болғым келеді!» атты азаматтың конституциялық құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін тереңдетуге бағытталған диспуттар;

9-11 сыныптар үшін:

«Археологиялық экспедицияның ізімен», «Қасиетті жерлерге саяхат – ортақ іс» атты жазғы саяхаттардың презентациясы;

«Менің бақытты жазым», «Менің жазғы ең ғажайып жаңалықтарым» атты әңгіме-презентациялар;

«Ертеңгі күнге» терезесі бар мектеп», «Біз сыбайлас жемқорлыққа - қоғамдық мүдделерді сатқындауға қарсымыз» «Лайықты сөз, лайықты себеп, лайықты адам» интеллектуалды пікірталастар.

Сонымен қатар, жоғары сынып білім алушыларын «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» жаңа пәнімен таныстырады.

Алғашқы рет Білім күні мектеп оқушылары, олардың ата-аналары мен мұғалімдердің арасында әлеуметтік желілерде 1-2 минуттық жағымды бейнеролик орналастыру бойынша «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» атты республикалық интернет-науқан өтеді.

Республикалық бюджет есебінен 115 мектеп салынады, оның ішінде 57 объект биыл іске қосылады.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 79 мектеп, 19 мектеп жанынан ғимарат салынуда, оның ішінде 4 мектеп, 8 мектеп жанынан ғимарат іске қосылады.

Осы күні республиканың Ақтөбе, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркестан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында жаңа білім беру объектілері ашылады.

Өзгелердің жаңалығы