Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сейсенбіде Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтары арқылы атмосфералық фронттар өтеді, осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Кей жерде назағай ойнап, жаңбыр жауады, қалған аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерде республика бойынша тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, түнде және таңертең Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, күндіз Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерінде түнде топырақта 1-3 градус үсік сақталады.
Түркістан облысында, Қызылорда облысының шығыс бөлігінде, Жамбыл облысының солтүстік бөлігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.