1 ақпаннан бастап не өзгереді?

31 Қаңтар 2024, 09:02
33963
Бөлісу:
1 ақпаннан бастап не өзгереді?
Фото: BAQ.KZ

Елімізде 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап не өзгереді? Шолу жасап көрейік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқушылар каникулға шығады

Еліміздің мектептерінде 2024 жылғы 8 қаңтардан бастап 10 оқу аптасынан тұратын III тоқсан басталды.

1-сыныпта білім алушыларға 2024 жылғы 5-11 ақпан аралығында (күнтізбелік 7 күн) қосымша демалыс беріледі.

"Елорда жастары" басталады

1 ақпаннан бастап астаналық жастар "Елорда жастары" бағдарламасына қатысуға өтініш бере алады.

Құжат тапсыру 2024 жылғы 1 ақпанда сағат 9:00-ден басталыпп 2024 жылғы 6 ақпан күнгі сағат 23.59 дейін өтеді.

Өтініштерді қабылдау birge.astana.kz порталы арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады.

Балаларға ақша аударылады

Елімізде 1 қаңтардан бастап "Ұлттық қор – балаларға" жобасы іске қосылды.

1 ақпаннан бастап алғашқы қаражат аударылады. Қор инвестициялық табысының 50 пайызы 18 жасқа дейінгі барлық жастағы балаларға теңдей бөлінеді. Оны білім алуға немесе баспана алуға жұмсауға болады.

Кәсіби мамандар мерекесі

1 ақпан - Қазақстанның авиациялық қауіпсіздік қызметі күні. Бұл күні авиация саласына үлес қосып келе жатқан қызметкерлер марапатталады.

Павлодарда су қымбаттайды

"Павлодар-Водоканал" ЖШС тұтынушыларды сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне тарифтер өседі.

Сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне тарифтер 2024 жылғы 1 ақпаннан 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін мынадай болады.

ҚҚС есептемегенде, текше метрге тарату желілері бойынша ауыз су беру:

- Суды есепке алу аспаптары бар жеке тұлғалар (халық) — 72,58 теңге;

- Суды есепке алу аспаптары жоқ жеке тұлғалар (халық) 108,80 теңге;

- Бюджеттік ұйымдар 624,54 теңге;

- Басқа тұтынушылар 307,24 теңге.⠀⠀

ҚҚС есептемегенде, текше метрге тарату желілері бойынша техникалық су беру:

- Жеке тұлғалар (халық) — 30,23 теңге;

- Басқа тұтынушылар — 98,59 теңге.⠀

ҚҚС есептемегенде текше метр үшін теңгемен сарқынды суларды бұру және тазарту;

- Жеке тұлғалар (халық) — 32,59 теңге;

- Бюджеттік ұйымдар — 367,10 теңге;

- Басқа тұтынушылар — 263,43 теңге.

“AQYL” депозитін ашуға болады

2024 жылғы 1 ақпаннан бастап “AQYL” білім беру жинақтау депозитін ашуға болады.
“AQYL” білім беру жинақтау депозиті - бұл Қазақстан Республикасының кез келген азаматы үшін болашақта өз атына немесе баласының атына елімізде және шетелде білім ақысын төлеу үшін пайдалануға болатын білім беру жинақтау депозиттін ашудың тиімді мүмкіндігі.

Сыйақы мөлшерлемелері:
3 жыл – жылдық 12% (ЖТСМ 12,9% дейін)
5 жыл – жылдық 9,5% (ЖТСМ 10,1% дейін)

Жыл сайынғы мемлекеттік сыйлықақы:

7%:

- жетім балалар;
- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- мүгедектігі бар адамдар;
- көп балалы отбасылардан шыққан балалар;
- аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін.

5%:

- халықтың қалған санаттары үшін.
Мемлекеттік сыйлықақының ең жоғары мөлшері-республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспайды (2024 жылы 100 АЕК - 369 200 теңге).

Өзгелердің жаңалығы