1 ақпанға арналған ауа райы болжамы

1 Ақпан 2022, 08:00
1271
Бөлісу:
1 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның солтүстігінде атмосфералық ауа ағындары өтуінің әсерінен ауа райы құбылмалы болады. 

Көбінесе қар жауады, желдің күшеюі, бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі. Ақмола облысының солтүстік жартысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с, өңірдің солтүстігіндегі жолдарда көктайғақ болады. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с. Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, оңтүстік-батысында көктайғақ болуы ықтимал. 

Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстігінде - тұман, облыстың шығысында-15-20 м/с жел тұрады. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың батысында тұман болады. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады, түнде облыстың батысында 15-20 м/с жел тұрады. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктері аудандарында, Атырау оюлысының шығысында, солтүстігінде және орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Қызылорда облысының орталығында, Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында, түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігі мен солтүстігінде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел күшейеді, жылдамдығы 17-22 м/с жетеді.

Өзгелердің жаңалығы