№1 А автобусының бағыты өзгереді

<p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 желтоқсаннан бастап №1 А автобусының бағыты өзгереді, деп хабарлайды&nbsp;&nbsp;Astana ЛРТ компаниясының баспасөз қызметі. </p>

 5 Желтоқсан 2019 2019, 04:47
5 Желтоқсан 2019 2019, 04:47
6278

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 желтоқсаннан бастап №1 А автобусының бағыты өзгереді, деп хабарлайды  Astana ЛРТ компаниясының баспасөз қызметі.

2019 жылдың 5 желтоқсаннан бастап №1 А автобусы Ақжол және Досмұхамедұлы көшелері арқылы (екі бағытта) қатынайды. Қоғамдық көлік енді "Астықжан" СО, "Астана Тазалық", "Ақжол к-сі", "Досмұхамедұлы к-сі", "№1 кәсіби-мектеп", "Әскери автопарк", "Литмаш" АҚ және "Достық" БМСК аялдамаларында тоқтайтын болады, - делінген хабарламада.

Енді аталмыш аудан арқылы №1 А, 17 және 18 автобустар жүреді.

Наверх