Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық таеквондо федерациясы COVID-19 пандемиясының салдарынан Олимпиада ойындарының 2021 жылға ауыстырылғанына байланысты жарыс кестесіне өзгеріс енгізу бойынша жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлады olympic.kz.
Нәтижесінде, халықаралық федерация маусым мен шілде айларына жоспарланған барлық доданы өткізбейтін болды. Таеквондодан карантиннен кейінгі алғашқы жарыс тамыз айында өтеді деп жоспарлануда. Олар:Kim Un Yjng cup International open Taekwondo Championships және Malaysia Open.Одан кейін қыркүйек айында бірден төрт жарыс күтіптұр. Олар: Polish Open, Mount Everest Open, Russian Open, Tallinn Open. Бөлісу