Құқық қорғау органдарындағы әйелдердің қызметі ерекше назарда – психолог

16 Сәуір 2020, 12:45
2752
Бөлісу:
Құқық қорғау органдарындағы әйелдердің қызметі ерекше назарда  – психолог

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер бойынша офицері, психолог Майра Тойшыбекова психологиялық қызметтің негізгі қағидасына тоқталды. Ол бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің онлайн-баспасөз конференциясы барысында айтты.

Біздің қызмет орталық аппараттағы психологиялық  қызметпен ұйымдастырылып, аумақтық департаменттерде өткізіліп отырады. Әр аумақтық департаментте арнайы жабдықталған кабинеттер бар. Психилогиялық қызметтің негізгі қағидасы – біздің агенттіктің миссиясы мен құндылықтарын қолдай келе, "Берекелі жұмыс орны"  жобасына сүйене отырып, психологиялық қызметті ұйымдастыру. Негізгі бағыттары – ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды зерттеп, түзету және жағымсыз жағдайлардың алдын алу,-деді ол.
Психолог сонымен қатар, қызметкерлер арасында түрлі психологиялық тренингтер өткізіліп тұратынын да жеткізді. 
Моральдық-психологиялық аумақтың жағымды болуына басшының басқару стилі, қызметкер жұмыста өзін қауіпсіз сезінуі, топтық қарым-қатынастар, кикілжің мәселелері айрықша орын алады.Осы мәселелер арқылы әр адамның өзін жақсы сезінуіне, кез келген сәтте өзін сенімді ұстауына  және кәсіби мақсаттарына жетуіне, біз, әр аумақтың психологтары заманауи технологияларды пайдалана отырып, қол ұшын беруге тырысамыз. Ерекше айтатын тағы бір мәселе, құқық қорғау органдарындағы жұмыс кәсіби деформация мен эмоционалдық күйзеліс немесе күйіп кетуге алып келеді. Біз бұл жағдайға баса назар аударамыз. Бұл бағытта көбіне әйелдерге айрықша көңіл бөлінеді, яғни арт-терапиялық сабақтар, отбасылық кеңестер, бала тәрбиесі бойынша түрлі кеңестер беріледі,-деді ол.


Өзгелердің жаңалығы