Нұр-Сұлтанда бірқатар автобустың бағыты уақытша өзгереді

23 Мамыр 2019, 21:51
2049
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда бірқатар автобустың бағыты уақытша өзгереді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Наурыз көшесінде жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №4,34 автобустарды қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді, деп хабарланды «Астана LRT» компаниясының ресми сайтында.

№4 бағдар бастапқы «73 мектеп-лицей» аялдамасынан Наурыз көшесі – Сарыөзен көшесі қиылысына дейін өзгеріссіз жүріп, одан әрі солға Сарыөзен көшесіне, Сарыөзен көшесінен оңға Ақмола көшесіне, Ақмола көшесінен оңға Құсмұрын көшесіне, Құсмұрын көшесінен солға Ақтөбе көшесіне өтеді. Бұдан кейін бекітілген қозғалыс сызбасы бойынша қатынайды. Қоғамдық көлік кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша жүреді. 

Нұр-Сұлтанда бірқатар автобустың бағыты уақытша өзгереді
«№34 бағдар бастапқы «Шарын базары» аялдамасынан Ақмола көшесі – Құсмұрын көшесі қилысына дейін өзгеріссіз жүріп, одан әрі Құсмұрын көшесіне, Құсмұрын көшесінен солға Наурыз көшесіне өтеді. Бұдан кейін бекітілген қозғалыс сызбасы бойынша қатынайды. Қоғамдық көлік кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша жүреді», - деп жазылған «Астана LRT» компаниясының хабарламасында.       
Нұр-Сұлтанда бірқатар автобустың бағыты уақытша өзгереді    

Өзгелердің жаңалығы