ҰҚШҰ бітімгерлік күштері бейбітшілікті сақтау бойынша операцияларды орындады

29 Қазан 2019, 04:08
2425
Бөлісу:
ҰҚШҰ бітімгерлік күштері бейбітшілікті сақтау бойынша операцияларды орындады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Тәжікстанға ресми сапары кезінде Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев "Мызғымас бауырластық - 2019" ҰҚШҰ бітімгерлік күштері оқу-жаттығуының белсенді фазасы өтіп жатқан Душанбе қаласынан 170 шақырымда орналасқан "Харб-Майдон" полигонына келді, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, министр бөлімшелердің үйлесімділігіне, әскери қызметшілердің кәсіби біліктіліктеріне баға берді.

Оқу-жаттығудың сценарийі бойынша ұйымдастырылған бандылық топтар Ауғанстан жағынан Тәжікстан шекарасын кесіп өтіп, республиканың шекара отрядтарымен ұрысты бастады. ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштері халықаралық терроризмге қарсы күрес және Орталық Азияның стратегиялық бағытындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірлескен операциясын табысты өткізді.

Оқу-жаттығудың соңғы кезеңінде бітімгерлердің қызметіне қатысты аймақты күзету, өткізу-бақылау пунктеріндегі қызметті ұйымдастыру, колонналарға ілесіп жүру кезінде жеке құрамның іс-әрекеті, елдімекенді бұғаттау және басқада тікелей қызметтеріне қатысты мәселелерді қамтитын бейбітшілікті сақтау бойынша мәселелер қаралды.

"Қазақстаннан практикалық іс-әрекетерге бірлескен бітімгерлік күштердің құрамында құрлық әскерлерінің бөлімшелері, оның ішінде бітімгерлік ротасы, сонымен қатар әуе қорғаныс күштерінен – Су-30 СМ жойғыштар бөлімі қатысты. Әскери авиация оқу-жауынгерлік міндеттерін орналасу әуеайлағынан орындады", - делінген таратылған ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы