Семейде қала құрылысы бөлімінің басшысы пара алды деп айыпталуда

31 Қазан 2019, 12:45
1545
Бөлісу:
Семейде қала құрылысы бөлімінің басшысы пара алды деп айыпталуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы пара алды деп айыпталуда. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ басшысына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Ол жерге орналастыру жобасына қол қойғаны үшін азаматтан 200 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Шенеунікке қатысты процессуалдық ұстау оның кінәсін мойындауына және келу туралы келіп түскен міндеттемеге байланысты қолданылған жоқ", - делінген хабарламада.
Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Өзгелердің жаңалығы