"Өнерлі өрен" онлайн байқауының алғашқы жеңімпаздары анықталды

25 Сәуір 2020, 19:04
2468
Бөлісу:
"Өнерлі өрен" онлайн байқауының алғашқы жеңімпаздары анықталды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан "Өнерлі өрен" онлайн байқауының алғашқы жеңімпаздары анықталды.

Аспапта ойнау жанры бойынша орта топтағы талантты балалардың өнеріне Құрманғазы оркестрінің Бас дирижері, күйші Абылай Тілепберген қазылық етіп, бас жүлде иегерін анықтады. (Айта кетейік, жюри мүшесі өзіне ұнаған 3 үміткерге өз дауысын бере алады) 

Сондай-ақ, жүлделі орын алған өнерпаздар желідегі лайк саны арқылы да белгілі болды.

Сонымен, "Өнерлі өрен" байқауының "аспапта ойнау" жанры,(орта топ, алғашқы ондық) жеңімпаздар тізімі:

Бас жүлде: САҒАТБЕК НҰРДӘУЛЕТ (жюри қортындысы бойынша)

Бірінші орын: ҒАЗИЗҚЫЗЫ МЕРЕЙ (әлеуметтік желіде 345 балл)

Екінші орын: ОЛЖАСҚЫЗЫ КӨРКЕМ (әлеуметтік желіде 273 балл)

Үшінші орын: МҰРАТҰЛЫ НҰРЛАН

Айта кетейік, бұл жанр бойынша Мұратұлы Олжас, Шакимұрат Азамат, Карасёва Каусар, Қайырхан Ерхас, Қали Маржан және Антонов Александр өз өнерлерін көрсетті.  


Өзгелердің жаңалығы