«Әлеуметтік әмиян» қалыптастыруды қолдаймын – Нұртөре Жүсіп

7 Қазан 2020, 19:00
1328
Бөлісу:
«Әлеуметтік әмиян» қалыптастыруды қолдаймын – Нұртөре Жүсіп

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Cенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің тікелей бастамасымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мырзамен кездесу болды. Кездесуде аз қамтылған отбасылардың балалары үшін кепілдік берілген әлеуметтік пакетті енгізу мәселелері талқыланды, деп жазды Facebook-тегі парақшасында сенатор Нұртөре Жүсіп.

Былтыр осы «Атаулы әлеуметтік көмек» туралы Заң жобасын зерделеу ісіне жауапты болдым. Аз уақытта көп нәрсе жасалды. Осы ретте Әлеуметтік қауіпсіздік туралы, Әлеуметтік қызмет порталының жұмысы туралы, жақында ғана Президент Жолдауында айтылған «Әлеуметтік әмиян» қалыптастыру туралы бастамаларды қолдаймын.

Біз әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасыларға азық-түлік, киім-кешек, оқу құралдары топтамасын ұсынып отырмыз. Бұл – табиғи қорек. Ал рухани азықты ойластырдық па?
Әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар газет-журналдарға жазыла алмайды. Бізге неге Ақпарат, Еңбек, Білім министрліктерінің күш біріктіруімен «Балдырған» журналын, сондай-ақ «Ұлан» газетін жаңағы осал топтарға жаздыртып беру ісін ұйымдастырмасқа?!
Осындай іргелі шараны жүзеге асыру арқылы біз газет-журнал, кітап оқитын жас ұрпақты қалыптастырамыз. Олар Оқу мәдениетіне үйренеді. Келешекте білімге, ғылымға құмар азаматтар болып өседі. Отансүйгіш сезімі ерте қалыптасады. Көзі ашық, көкірегі ояу Қазақстан азаматтарының қатары артады. Осы мәселеге мықтап көңіл бөлген дұрыс!, - деген ұсыныс жасадым, - деп жазды ол.






«Әлеуметтік әмиян» қалыптастыруды қолдаймын – Нұртөре Жүсіп
«Әлеуметтік әмиян» қалыптастыруды қолдаймын – Нұртөре Жүсіп
55



Поделились: 1











Өзгелердің жаңалығы