Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Назарбаев университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күніне орай "Н.Ә. Назарбаевтың көшбасшылық сабақтары" атты тақырыпта Jas Otan Саѕеѕ жастар сессиясы өтіп жатыр.
Елбасының Қазақ мемлекеттілігін құрудағы рөлін, оның егемен Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамытуға қосқан жеке үлесін насихаттау мақсатында ел жастарының басын қосты.
Іс-шараға жоғары оқу орындарының студенттері, колледж студенттері, жастар бірлестіктерінің өкілдері, "Jas Otan" жастар қанатының белсенділері қатысуда.
Нұрсұлтан Назарбаев, еліміздің астанасын көшірген ұлы тұлға, қайраткер. Себебі қиын қыстау кезенде, ауыр экономикалық жағдайда ол елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы батыл шешім қабылдады. Әрине, бұл бастама үлкен сынға ұшырады. Бірақ уақыт өте келе бұл бастаманың стратегиялық маңызы бар екені дәлелденді. Бүгінде жаңа елорданың феномені бүкіл әлемге танымал. 20 жыл ішінде туристер мен инвесторларды тартатын заманауи мегаполиске айналды. Партия төрағасының тарихи еңбегі еліміздің кейінгі ұрпақтарына үлгі болуы тиіс, - дейді сессияның спикері "Jas Otan" Жастар қанатының төрағасы Дәулет Кәрібек.
Шара барысында әрбір спикер Елбасының Қазақ мемлекеттілігі мен тәуелсіздігін нығайту және қалыптастыру жолыңдағы қажырлы еңбегі, Елбасының сол салаға қосқан жеке үлесі туралы жастармен әңгімелесті.
"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев кәсіпкерлік және оның елдегі дамуы жайлы өз пікірімен бөлісті.
"Елбасы шағын және орта бизнес елдің әлеуетін арттыратын, экономикасының драйвері болатын құрылым ретінде айшықтап орын бөлген болатын. Осы орайда Жастар жылының ашылу салтанатында, Елбасы "Жас Кәсіпкер", жастарды грантпен қолдау секілді бірнеше игі бастама туралы айтқан болатын. Осының бәрі Елбасының кәсіпкерлікке, әсіресе жастар кәсіпкерлігіне деген ерекше қамқорлығы мен сенімі деп білемін, - дейді Олжас Ордабаев.