Өңірлердегі жедел жәрдем көлігінің тапшылығы қашан шешіледі

24 Маусым 2020, 11:20
2146
Бөлісу:
Өңірлердегі жедел жәрдем көлігінің тапшылығы қашан шешіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өңірлердегі жедел жәрдем көлігінің тапшылығы қашан жабылатынын Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Жүсіпов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында айтып берді.

Республика бойынша қазір жедел жәрдем қызметінде 1967 бірлік автокөлік бар. Оның 600 бірлігі ауылдарда. Автокөлік тапшылығын жабу мақсатында өткен жылы 293 бірлік санитарлық автокөлік алынды. Биыл тағы 807 автокөлік сатып алынады. Барлық көлік лизинг аясында отандық өндірушілерден алынады. Биылғы қараша айының соңына дейін барлық көлік пайдалануға беріледі. Бұл өңірлердегі барлық көлік тапшылығын жабады, - деді ол. 
Бауыржан Жүсіпов коронавирус пандемиясы кезеңінде жедел жәрдемнің қызмет көрсету алгоритмі халықаралық тәжірибеге сүйеніп әзірленгенін айтты. 
Бұл алгоритмдер бойынша жұмыстың тактикасы анықталады. Алгоритм бойынша барлық жедел жәрдем қызметкеріне ақпарат берілді. Бригадалар қажетті дәрі-дәрмектер мен қондырғылармен жабыдықталған. Жалпы, жедел жәрдем қызметі күрделі жағдайда жұмыс істеп жатыр. Оның қызметін жақсарту бойынша жұмыстар жалғасып жатыр, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы