Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Инвестицияларды тарту динамикасы үлкен мүмкіндіктер тезисін дәлелдеп отыр. 10 айда инвестиция көлемі 13,3% (РК – 8,2%), бұл 170 млрд тенге. 82% - жеке инвестициялар. Нұр-Сұлтанда есеп берген Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Құмар Ақсақалов осылай деді.
Елбасының қолдауымен Үкімет облысты дамытуға бағытталған шараларды қабылдады. Үш жылда өңір экономикасына 320 млрд теңге құйылды. Биылдың өзінде жүйелі мәселелерді шешуге 92 млрд теңге бөлінді. Бұл тек мемлекеттің ақшасы ғана емес. 50 млрд теңгесі жеке инвестициялардан тартылды, - деді облыс әкімі.
Оның сөзіне қарағанда өткен 10 айда ауа-райының қолайсыздығына қарамастан агросекторда өнім көлемі - 2,6 %, өнеркәсіпте - 1,1 % өскен. Құрылыс жұмыстары - 3,9 %, баспана - 2%, тұрғын үй құрылысына инвестициялар көлемі – 24% ұлғайды.
Облыс соңғы үш жылда экспорт көлемін өсіріп, импортты қысқартуда. Сыртқы сауда айналымы 3 жылда 13% өсті. Экспорт 1,3 есеге артты. Биыл экспорт 15,4% өсіп, 141 млн долларды құрады. Біз көп өндіріп, сырттан өнімді әкелуді азайтып отырмыз, - дейді Құмар Ақсақалов.
Сонымен қатар әкім жыл қорытындысы бойынша өңірлік жалпы өнім 1 трлн 300 млрд теңге көлемінде болатынын айтты.
Салыстыру үшін айта кетейін,бұл көрсеткіш өткен 2018 жылы 1,1 трлн теңге болған еді. Ал 2016 жылы бар болғаны 918 млрд теңге болатын, - деді әкім.
Бұдан соң облыс басшысы өңірдің нақты дамуына тоқталды.
Солтүстік Қазақстанды көбісі ауыл шаруашылығымен байланыстырады. Шын мәнінде солай, біздің экономиканың негізі саласы. Мұнда үлкен мүмкіндіктер бар.Біріншіден, өңір ауыл шаруашылығы өнімін өндіру бойынша көшбасшылардың бірі. 3 жылда өнім көлемі 1,3 есеге - 411 млрд теңгеден 580 млрд теңгеге дейін артты. Экономикада агроөнеркәсіп ішкі жалпы өнімнің төрттен бірін алып отыр. Бізде өндіру көлемі қолдануға қарағанда әлдеқайда жоғары,- деді әкім.
Құмар Ақсақаловтың мәліметінше, картоп 11 есеге, жұмыртқа 10 есеге, макарон өнімдері 9 есеге көп. Жылқы және сиыр еті, көкөніс өндірісі 3 есеге артқан.