Алматыда есірткі дайындайтын жасырын зертхана анықталды

28 Қазан 2019, 12:03
1660
Бөлісу:
Алматыда есірткі дайындайтын жасырын зертхана анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті синтетикалық есірткілерді дайындайтын жасырын есірткі зертханасын анықтады.  

"24 қазанда жедел-іздестіру шараларын өткізу нәтижесінде оның жұмыс істеуін ұйымдастырған Алматы қаласының тұрғыны А есімді тұрғыны ұсталды. Зертхана жайында 2 кг жуық синтетикалық есірткілер (балама түрде 2 мың дозаға жуық) және 526 литр  прекурсорлар алынып, олар сот-химиялық сараптамаға жіберілді", - делінген хабарламада.

Дайын психотропты заттарды сату "Telegram" және "VIPole" әлеуметтік  мессенджерлеріндегі ғаламтор-дүкендері арқылы жүзеге асырылған.

"Ұсталған А есімді азаматтың тұрғылықты жері бойынша сондай-ақ, есірткі сататын ірі ғаламтор-дүкендерінің бірі "Алтын Орда" логотипі бар
визит карточкасы мен оттық шақпақ алынды", - деді ҰҚК баспасөз қызметінде.

Аталған факті бойынша ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті ҚК 297-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Іс-шаралар ұлттық қауіпсіздік органдары өткізіп жатқан арнайы операциясының заңдылығына қатаң қадағалау жасаған, Алматы қаласының прокуратурасымен бірлесіп жүзеге асырылды.



Өзгелердің жаңалығы