"Қазақ аруы - 2020" жеңімпазы – алматылық ару

12 Наурыз 2020, 00:04
4251
Бөлісу:
"Қазақ аруы - 2020" жеңімпазы – алматылық ару

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда жыл сайынғы "Қазақ аруы - 2020" байқауы өтті. Биылғы байқаудың жеңімпазы – алматылық ару Нарқыз Айдарова, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Басты титулдың иегері Алматы облысынан келген 20 жастағы Нарқыз Айдарова болды. Қазақ аруының тәжін былтырғы жеңімпаз павлодарлық Сәния Темірханова табыс етті.

1-орынды 19 жастағы Аяжан Тойбазар иеленді (Алматы), 2-орынды Аяжан Мүбәрак, 19 жаста (Қарағанды), 3-орынды Зерде Молдабекова, 18 жаста (Алматы) иеленген.

Биыл байқау өзінің 10 жылдығын атап өтті. 19 финалист дәстүр бойынша Қазақстан эстрадасының әртістерімен бірге өнер көрсетті. Қыздар ән, актерлік шеберлік, би билеу бойынша өз өнерлерін көрсетті, ал бір шығарма ұлы Абай Құнанбаевқа арналды.

Дәстүр бойынша, конкурс бірнеше кезеңнен тұрды: қатысушыларды таныстыру, сән кештері және KeshYou тобымен бірге билеу, дизайнерлік киімдерге шығу, сонымен қатар қыздарға салт-дәстүр мен мәдениет туралы сұрақтар қойылатын зияткерлік кезең.

Біздің сұлуларға әдемі болу жеткіліксіз, олар біздің халқымыздың тілін, тарихын, салт-дәстүрін білуі керек. Мен жылдар бойы конкурс туралы армандадым. 2010 жылы арманым орындалды және ұйымдастырылып келе жатқанына он жыл болды. Бүгінде "Қазақ аруы" көрермендердің көңілінен шықты, - деді продюсер Баян Мақсатқызы өз сөзінде.

Өзгелердің жаңалығы