Ғалымдар сүтті кофенің зиянын анықтады

9 Сәуір 2025, 14:42
345
Бөлісу:
Ғалымдар сүтті кофенің зиянын анықтады
Фото: pixabay.com

Ғалымдар сүтті кофенің зиянын анықтады. Британиялық стоматолог Найри Уитли кофеинді сусынға құмарлықтың соңы неге әкелетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Daily Mirror таратқан мәліметке сүйенсек, сүт қатқан кофе ауыздан жағымды иіс шығарып, тістерді құртады.

Дәрігердің айтуынша, сүт пен кофені қатар тұтыну ауыздың сілемейлі қабықшасын кептіріп, бактерияның көбеюіне жағымды орта қалыптастырады. Сондай-ақ күкіртті қосылыстардың түзілуі салдарынан ауыздан жағымсыз иіс шығарады.

Одан басқа, кофе қышқыл сусын болғандықтан тістің эмалін құртып, тістік өңездің пайда болуына әкеледі. Ал кофеге қант немесе шәрбат қосып ішу жағдайды одан әрі ушықтырып, тісжегі мен өзге де стоматологиялық проблемалардың пайда болу қаупін арттырады.

Кофенің сүтсіз және қантсыз ішкен абзал. Сондай-ақ оның көлемін 400 миллилитрге дейін шектеу керек, - дейді дәрігер.

Доктор Уитли сонымен қоса кофе ішкен соң ауыз қуысын таза сумен шаюға кеңес береді. Бұл қышқылды-сілтілік тепе-теңдікті қалпына келтіріп, сусынның қалдығын шаюға көмектеседі. Дәрігер тісті кофе ішіп болған соң 30 минуттан соң барып шайған дұрыс деп отыр.

Өзгелердің жаңалығы