Зульфия Чиншанло Түркияда алтын медаль еншіледі

13 Тамыз 2022, 03:17
1363
Бөлісу:
Зульфия Чиншанло Түркияда алтын медаль еншіледі

Қазақстандық зілтемірші Зульфия Чиншанло Ислам ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркиядағы байрақты бәсекеде отандасымыз 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 220 келіні (95+125) бағындырды.

Спортты дамыту Дирекциясының мәліметінше, Чиншанло екінші орын алған атлеттен 18 келі көп көтерген.

Осылайша Қазақстан құрамасының ауыр атлеттері Анадолы жеріндегі жарыста бесінші алтын медальді еншіледі.

Өзгелердің жаңалығы