Бұл пікірді «Сөйле» клубының оқытушысы Алина Кан айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Президент Жолдауында еліміздегі көптеген өзекті мәселелерге тоқталды. Соның бірі орта бизнесті дамыту. Меніңше, қазіргі таңда бұл бағыттағы заңсыздықтар мен келеңсіздіктерді жойылуы үшін басымдық берілуге тиіс. Өйткені орта бизнеске үлкен қолдау қажет. Қазір көп кәсіпкер қаржының жетіспеушілінен және тағы басқа себептерден арманынан қол үзіп отыр, – деді Алина Кан.
Сондай-ақ Канның айтуынша, елімізде соңғы уақытта кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық көбейген.
Мемлекет басшысы ретінде Президент мырза кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жазаны күшейтуді талап етті. Ол жағын дұрыс деп есептеймін, себебі қазіргі таңда кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық - зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі, – деді оқытушы.