Зорлық-зомбылық құрбандары: Қошанов әйелдер не себептен арыздарынан бас тартатынын айтты

4 Желтоқсан 2023, 11:17
720
Бөлісу:
Зорлық-зомбылық құрбандары: Қошанов әйелдер не себептен арыздарынан бас тартатынын айтты
Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі

Орталық Азия елдері әйелдер диалогының халықаралық конференциясында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов отбасындағы зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдер не себепті арыздарынан бас тартатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Конференция «Өңірдегі гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күрес: тиімді және тұрақты бірлескен шешімдерді іздеу» тақырыбына арналған.

Бұған дейін Мәжіліс төрағасы тұрмыстағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті криминизациялау қарастырылып отырғанын айтқан болатын.

Тек заңнамалық шаралар жеткіліксіз екенін бәріміз түсінеміз. Бізге бүкіл қоғамның көзқарасын жан-жақты қайта бағалау қажет. Бізде әлі де тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа төзімділік жоғары деңгейде екенін мойындаймыз. Мысалы, социологиялық зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, зорлық-зомбылық құрбандары жиі татуласуға келіседі, - дейді ол.

Қошановтың айтуынша, құрбандар бірнеше себептер бойынша да өз арыздарын қайтарып алады:

  • туыстары мен достарының сөзінен қорқу;
  • агрессордан қорқу;
  • жазалау шараларын жеткіліксіз деп санау.

Бұл ең алдымен шығыс әйелдеріне тән. Сондықтан бүгінде кез келген құқық бұзушылыққа, әсіресе зорлық-зомбылыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыратын кез келді. Ұйымдастырушылық және үйлестіру шараларын қабылдау қажет, - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы