Мұндай пікірді Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Жас діни лидерлер форумында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазіргі әлемде, өкінішке қарай, соғыстар, қақтығыстар, экстремизм және осал топтарға қатысты кемсітушіліктер саны артып келеді. Жас рухани көшбасшылардың толеранттылықты, диалогты және өзара қолдауды ілгерілете отырып, қауымдастықтарға және құрдастарына әсер етудің бірегей мүмкіндігі бар. Зорлық-зомбылық пен қатыгездікті жоққа шығаратын, жанжалдарды бейбіт жолмен шешуге жәрдемдесетін және үйлесімді қарым-қатынастарды қалыптастыратын қоғам құру өте маңызды, - деді спикер.
Әшімбаев жастар бұл көзқарасты жүзеге асыруға көмектесетін алатынын атап өтті.
Сондай-ақ спикер дезинформациямен күресуге шақырды. Оның айтуынша, қазіргі цифрлық ғасырда жалған жаңалықтар мен жалған ақпараттың таралуы тұрақтылық пен бейбітшілікке үлкен қауіп төндіреді. Ол шындықты бұрмалап, дұшпандық пен өшпенділік тудырады.
Адамдарға шындықты өтіріктен ажыратуға көмектесу және жалған ақпарат пен зиянды үгіт-насихатқа төзімділікті арттыру өте маңызды.
Мәулен Әшімбаев білімді қолдау керегін де ерекше атап өтті.
Білім - кедейлік пен теңсіздікті жеңудің негізгі факторы. Бұл баршаның гүлденуі мен дамуының қайнар көзі. Мен сіздерді балалар мен жастардың сапалы білімге қол жеткізуін жақсартуға бағытталған білім беру бағдарламаларына белсенді қатысуға шақырамын. Инклюзивті білім беруді қолдау және барлық әлеуметтік топтардағы адамдарға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету өте маңызды, - деп түсіндірді Сенат спикері форумда.
Еске салсақ, бүгін елордада І Жас дін лидерлерінің форумы өтіп жатыр. Форумға әлемнің 30-дан астам елінен келген жас лидерлер қатысып жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев форум қатысушыларына құттықтау жолдаған болатын.
Әшімбаев әртүрлі мәдениеттер мен діндер өкілдері арасындағы диалогты дамыту өте маңызды екенін айтқан болатын.