Ұлттық банк "Қазақстанның жер қойнауы" сериясымен шыққан "Zn (Мырыш)" жаңа коллекциялық монетасын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мырыш қондырмасы бар 925 сынамалы күмістен жасалған монетаның номиналы 1 000 теңге.
925 сынамалы күмістен соғылған монетаның мырыш қондырмасы бар. Монетаның массасы 32,5 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – black-proof, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 2 000 (екі мың) дана.