Зияткерлік құқық бойынша мемлекетаралық кеңестің отырысы өтті

<p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гибридті форматта зияткерлік меншікті құқықтық қорғау&nbsp;және сақтау&nbsp;мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің кезекті отырысы өтті.<br> </p>

14 Қыркүйек 2021 2021, 22:54
АВТОР
 14 Қыркүйек 2021 2021, 22:54
14 Қыркүйек 2021 2021, 22:54
3845

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гибридті форматта зияткерлік меншікті құқықтық қорғау және сақтау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және еліміздің мемлекеттік органдары мен Ұлттық зияткерлік меншік ведомстволарының делегаттары, сондай-ақ, бақылаушылар ретінде Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы мен Еуразиялық патенттік ұйым өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры Мейіржан Төлепов пен Казпатент директоры Ербол Оспанов қатысты.

Іс-шара барысында қатысушы мемлекеттердің делегациялары есепті кезеңде жүргізілген жұмыс және өңірдегі интеграциялық процестер шеңберінде зияткерлік меншік саласын жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратпен алмасты. ЗММАК-тың келесі отырыстары барысында қатысушы мемлекеттердің одан әрі қарауы және ескертулер мен ұсыныстар енгізуі үшін зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың құнын бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың жобасы ұсынылды.

Наверх