Өзін-өзі жұмыспен қамтыған қарағандылықтар МӘМС жүйесіне қатыса бастады

20 Қараша 2019, 23:57
2974
Бөлісу:
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған қарағандылықтар МӘМС жүйесіне қатыса бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өз бетінше жұмыспен айналысушылар Қарағанды облысының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатыса бастады. Бұл туралы жергілікті әкімдіктің ресми сайты хабарлады.

 
2019 жылы бірыңғай жиынтық төлемді төлегендердің саны өткен жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 18%-ға өсті. Бұл төлемдер оларға медициналық сақтандыруды, яғни медициналық қызметтердің кеңейтілген пакетін алуға мүмкіндік береді.
Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу арқылы азаматтар медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы ғана емес, басқа да жүйелердің қатысушысы болады. Бұл соманың тек 40%-ы медициналық сақтандыру қорына, тағы 30%-ы зейнетақы жарналарына, 20%-ы әлеуметтік сақтандыруға және 10%-ы жеке табыс салығын төлеуге кетеді. Яғни, БЖТ төлеушісінің еңбек өтілі есептеледі, сонымен қатар ол әлеуметтік сақтандыру мен медициналық сақтандыруға қатысады, - деп түсіндірілген хабарламада.
 
Еске сала кетейік, БЖТ – бала күтушілер, репетиторлар, фрилансерлер, табыс табатын адамдар, хенд – мейд өнімдерін немесе қосалқы шаруашылықтан азық-түлікті сату сияқты өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарға арналған медициналық сақтандыру жүйесіне қатысудың бір нұсқасы. Бірыңғай жиынтық төлем мөлшері облыстық маңызы бар қалалар үшін - 2525 теңге және қалған елді мекендер үшін - 0,5 АЕК-1263 теңгені құрайды.


Өзгелердің жаңалығы