Жылыой және Қызылқоға ауданы тұрғындарының несие төлемдері кейінге шегеріледі

20 Сәуір 2024, 16:01
561
Бөлісу:
Жылыой және Қызылқоға ауданы тұрғындарының несие төлемдері кейінге шегеріледі
Фото: Арман Мухатов - архив

Тасқын судан зардап шекендердің басым бөлігі Жылыой ауданында (Құлсары қаласының 30% су басқан болатын) тұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі таңда Құлсары қаласы бойынша 2471 зардап шекен адамның тізімі жасалып, қаржы ұйымдарына жолданды. Сондай-ақ, Қызылқоға ауданындағы судан зардап шеккен 24 адамнан өтініш түсті. Қазіргі уақытта несие бойынша төлемдерді тоқтату жөнінде жұмыстар жүргізілуде, - деп мәлімдеді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің облыстық басқармасының басшысы Асланбек Қабесов.    

Еске сала кетйік, тасқын судан зардап шеккен барлық азаматтардың несие бойынша төлемдері автоматты түрде 3 ай мерзімге кейін ығыстырылады – 2024 жылдың 1 сәуірінен 30 маусымына дейін. 

Бұл ретте, тасқын су салдарынан төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен пенялар есептелмейді. Төлемдерді кейінге шегеру жергілікті атқарушы органдардың тізіміне сәйкес іске асырылады. 

Өзгелердің жаңалығы