Жылыой ауданында су тасқыны салдарын жою тәулік бойы жүргізіліп жатыр

18 Сәуір 2024, 08:31
412
Бөлісу:
Жылыой ауданында су тасқыны салдарын жою тәулік бойы жүргізіліп жатыр
Фото: видеодан кадр

Жылыой ауданында су тасқыны салдарын жою жұмыстары тәулік бойы жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Жылыой ауданында Жем өзенінің су деңгейі көтеріліп, тұрғын үйлер мен ғимараттарды су басқан болатын.

Қазіргі уақытта су басқан тұрғын үйлерден су айдау жұмыстары жүргізілуде.

Су тасқыны басталғалы бері Жылыой ауданында:

731,300 текше метр су сорылды;

245 000 топырақ және 397 000 тонна инертті материалдар төселді.

Өзгелердің жаңалығы