Бұл жайында Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жылыту маусымының басталуына өте аз уақыт қалды. Солтүстік және шығыс өңірлерде жылыту маусымы ауа-райына байланысты мерзімінен ерте басталуы мүмкін. Көріп отырғанымыздай, бүгінгі таңда жылыту маусымын бастау үшін бастапқы дайындық бар. Сонымен бірге, кейбір жылу көздерін жөндеу жұмыстары уақытында аяқталмай қалуы мүмкін, – деді Смайылов.
Үкімет басшысы Теміртау қаласының 2-ші Жылу электр орталығында №4-ші қазандықты жөндеу қазан айының соңына дейін ұзартылғанын айтады.
Жезқазған Жылу орталығындағы №4-ші қазандықты жоспарлы жөндеу әлі аяқталған жоқ, ал нөмірі 9-шы қазандықта жұмыстардың небары 4%-і ғана орындалған. Абай, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының энергия кәсіпорындарында жөндеу жұмыстары кестеден кешігіп жүргізілуде. Сонымен қатар жылыту маусымының басында қазандықтарға түсетін жүктеменің төмен болатынын ескерсек, бұл үйлердегі температура көрсеткіштеріне әсер етпеу керек, – деді Смайылов.
Үкімет басшысы өңір әкімдері Энергетика министрлігімен бірге жөндеу жұмыстарына күнделікті мониторинг жүргізіп, алдағы маусымда қажетті жылу беруді қамтамасыз етуге тиіс екенін айтты.
МАЭК-те №3-ші энергоблокты жоспарланған күрделі жөндеу 2024-ші жылға ауыстырылды, бүгінде №2-ші энергоблокты авариялық жөндеу жүргізілуде.Өткен аптада мен Маңғыстау облысында болып, МАЭК-тегі жөндеу жұмыстарының барысымен таныстым. Өңір әкімдігі жөндеу жұмыстарының аяқталуы мен кәсіпорынның тұрақты жұмысын ерекше бақылауда ұстауы қажет, – деді Премьер-министр.