Көкшетау, BAQ.KZ. 2019 жылдың басынан бері Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 698 әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қаралған. Бұл туралы Көкшетау қаласы мамандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі хабарлады.
"Оның ішінде 625 азамат әкiмшiлiк жауапқа тартылды. 23 азаматқа ескерту жасалып, 390 азаматқа әкiмшiлiк айыппұл салынды. 58 азамат әкімшілік қамауға алынса, 129 азаматқа арнайы құқықтан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, 25 азамат Қазақстан Республикасынан шығарылса, кәмелетке толмаған 9 азаматқа қатысты тәрбиелiк жұмыстар жүргізілді", - делінген хабарламада.
Мұнан бөлек, 64 азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс жүргізу тоқтатылған.