Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Журналист Бигелді Ғабдуллин кітап дүкенінде қазақ тіліндегі балалар әдебиетіне қатысты сын айтты.
Бүгін мен Алматыда Розыбакиев көшесінде орналасқан "Кітап қаласы" кітап дүкеніне кірдім. Қызымды қазақ тіліндегі жаңа кітаптарды сыйлап қуантқым келді. "Қазақ тіліндегі балалар әдебиеті" деп жазылған сөреге жақындадым. Алайда мен қазақ тілінде бір де бір кітапты таппаған кезде таңданысымды жасыра алмадым. Олардың орнында орыс тіліндегі кітаптар қаптап тұр. Мүмкін мен Ресейде тұрған шығармын деген ой келді, - деп жазды Ғабдуллин.
Журналист атағандай, ол Қазақстанда екенін түсініп, өзімді біраз тыныштандырып, дүкен әкімшісін шақырған.
Әкімшілік өкілі Елена Литвинова келді. Менің "балаларға арналған қазақ кітапшалары қайда?" деген сұрағыма "біздің дүкенде екі ай жеңілдік болды, кітаптың барлығы сатылып кетті" деген сандырақты айтты. Оның айтуынша, кітап бойынша ассортимент саясатын басшылық жүргізеді, яғни құрылтайшылар шешеді. Менің құрылтайшының аты-жөні мен телефонын беру өтінішімнен ол үзілді-кесілді бас тартты, - дейді ол.
Кейін ол ассортимент бойынша бөлім басшысы Олеся Чашечкиноваға қазақ тіліндегі кітаптар туралы сұрақ қояды.
Ол дүкеннің әкімшісі де болатын. "Мен сіздің сұрағыңызға жауап беруге құзырлы емеспін. Ассортимент бойынша бізге құрылтайшылар жібереді" деп жауап қатты. Міне, осындай күйзеліспен Қазақстанның мәдени астанасы – Алматыда орналасқан кітап дүкенінен шықтым, - дейді ол.
Ғабдуллин қала басшылығы қайда қарап отыр деген сауал тастады.
Қала басшылығы қайда қарап отыр? Иә, елде коронавирус пандемиясы деген "соғыс жүріп жатыр". Түсінемін, қалалық шенеуніктердің басы балалар кітаптарынсыз-ақ айналып жүр. Соғыс соғыспен, пандемия пандемиямен, бірақ жеке дүкенге тілдер туралы заңды бұзуға кім рұқсат берді? - деп жазды ол.
Ол атап өткендей, Ұлы Отан соғысы жылдарында да билік мәдениет пен әдебиет туралы ұмытпаған.
Осы қатал жылдары Алматыда атақты театр қайраткері Наталия Ильинична Сац бастамашы болған "Қазақфильм", Алматы ТЮЗ ашылды. Ол кезде картиналар түсіріліп, кітаптар, газеттер мен журналдар шығарылғанын еске түсіріңіз, - дейді ол.
Ол бүгінгі болып жатқан жағдайды тәртіпсіздік пен хаосқа теңеді.
Алматы әкімдігі бұл мәселеге назар аударады деп үміттенемін. Бұл кішкентай мәселенің артында мәдениеттің үлкен мәселесі жатқанын ұмытпау керек. Қазір оның жағдайы ауыр, - деді ол.